«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) нақты сатып алынған бірегей тұқымдарға субсидиялар алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығымен бекітілген «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сатып алынған бірегей тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінім;

2) элиталық тұқым өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – элиттұқымшар) бір уақытта бірегей тұқым өндіруші (бұдан әрі – оригинатор) болып табылған жағдайда, нақты егіске пайдаланылған өзі өндірген бірегей тұқымдарға субсидиялар алу үшін Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша егіске пайдаланылған өзі өндірген бірегей тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінім;

3) нақты сатып алынған элиталық тұқымдарға субсидиялар алу үшін Стандарттың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сатып алынған элиталық тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінім;

4) тұқым өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – тұқымшар) бір уақытта элиттұқымшар болып табылған жағдайда, нақты егіске пайдаланылған өзі өндірген элиталық тұқымдарға субсидиялар алу үшін Стандарттың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша егіске пайдаланылған өзі өндірген элиталық тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінім;

5) майлы дақылдардың, көпжылдық және біржылдық шөптердің, арпаның, күріштің, картоптың және мақтаның нақты сатып алынған бірінші көбейтілген тұқымдарына (бұдан әрі – бірінші көбейтілген тұқымдар) субсидиялар алу үшін Стандарттың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сатып алынған бірінші көбейтілген тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінім;

6) жүгерінің, қант қызылшасының, рапстың, күнбағыстың және мақтаның нақты сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына (бұдан әрі – бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары) субсидиялар алу үшін Стандарттың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтінім;

7) нақты сатып алынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттеріне (бұдан әрі – элиталық көшеттер) субсидиялар алу үшін Стандарттың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сатып алынған элиталық көшеттерге субсидиялар алуға арналған өтінім;

8) сатып алынған элиталық тұқымдарға немесе біріші көбейтілген тұқымдарға және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына тиесілі субсидиялар алу үшін (элиттұқымшарға немесе тұқымшарға субсидиялар алу құқығы берілген жағдайда) Стандарттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша элиталық тұқым шаруашылығы немесе тұқым шаруашылығы арқылы берілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері негізінде қалыптастырылған жиынтық өтінім.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері, құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *