«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/999 бұйрығымен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған өтінім;

2) АӨК субъектісін мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;

3) бизнес-жоспарды, шарттар немесе коммерциялық ұсыныстарды қоса бере отырып, жаңа өндірістік қуаттылық құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдар және оларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптаманың оң қорытындысы бар жобалардың жобалау-сметалық құжаттамасы;

5) тартылған қаржы (кредит/лизинг) есебінен жобаны іске асыру жағдайында, инвестор субсидия алу көздегені туралы қаржы институтына хабарлама көшірмесі.

Егер инвестициялық жоба пайдалануға берілген, сондай-ақ инвестициялық жоба шеңберінде техника мен жабдықтар сатып алынған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы келесі құжаттарды ұсынады:

1) объектіні немесе инвестициялық жобаның кезегін (кезеңін) пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау не қабылдау комиссиясы актісінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі;

3) жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын сатып алу-сату шарттарының, шот-фактуралардың көшірмелері;

4) ауыл шаруашылығы, арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;

5) ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған кезде, құқық белгілейтін құжаттардың (көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, техникалық паспорт) көшірмелері ұсынылады;

6) қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты куәландырған кредиттік/лизингтік шарттар көшірмелері;

7) бизнес-жоспарда көзделген мерзімдерде, өндірістік қуаттылықтардың жүктемесі кемінде 30 %-ға жеткеннен кейін осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес инвестор растайтын құжаттарды (бизнес-жоспар, өндірілген өнім түрлері бойынша өткізуді заттай және құндық мәнде растайтын құжаттардың оператор куәландырған көшірмелері, өндірістік қуаттылықтардың жүктемесіне жеткендігі туралы жұмыс органы мониторингінің актісі) ұсынады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі, құжаттар топтамасын операторға тапсырған сәттен бастап — 43 (алпыс) жұмыс күні ішінде;

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *