«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 бұйрығымен бекітілген «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн
    жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (04.02.2016 жылы ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және 20.08.2016 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде № 160 (28888 жарияланған) 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;
  2. нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың бар-жоғы туралы екінші денгейдегі банк не Ұлттық почта операторы анықтамасының көшірмесі.

1 тоннасына субсидиялар алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар өтінімге қосымша:

         қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарттардың;

         қайта өңдеу кәсіпорнының жұмсаған шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттарының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 11 (он бір) жұмыс күні.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *