«Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінім;

         2) статистика органының құжатты қабылданғаны туралы белгісі бар, кәсіпорынның статистика органдарына тереңдете өңдеп өнім өндірілгені және тиеп-жөнелтілгені туралы есептерінің көшірмелері немесе тереңдете қайта өңдеп өнім өндірілгенін растайтын, кәсіпорын мөрімен куәландырылған құжаттардың (өнімнің қоймаға қабылданғаны туралы қоймалық жүкқұжаттар, аталған өнімнің кіріске алынғаны көрсетілетін бухгалтерлік теңгерім) көшірмелері;

         3) тереңдете қайта өңдеп өнім шығару үшін пайдаланылған ауыл шаруашылығы өнімінің сатып алынғанын растайтын құжаттар – қайта өңдеп өнім өндіру үшін пайдаланылған шикізаттың сатып алынғанын растайтын, кәсіпорын мөрімен куәландырылған құжаттар (шарт, шот-фактура, сатып алу актісі және сатып алынған шикізатқа ақы төленгенін растайтын құжаттар) көшірмелері;

         4) қайта өңдеуші кәсіпорынның банктік шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы;

         5) Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігі туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері, құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *