Қант қызылшасын жинау науқаны жүріп жатыр

 

Video Player

Шу ауданында биылғы жылы 1550 гектар жерге қант қызылшасы егілді. Қазір Шулық шаруалар сол егілген өнімді жинау науқанын аяқтауға жақын.

Шу ауданында биылғы жылы 95 гектар жерге қант қызылшасын еккен «Смарт Агро Қарқара» серіктестігі қазір техникалық дақылды жинау жұмыстарына кіріскен. Тамшылатып суару жүйесі арқылы суғарылған тәтті түбірдің шығымы да жаман емес. Олардың кейбірі 10 келіге дейін тартады.

Қуат Көпжасарұлы, агроном

Бізде биылғы жылы арамшөптер проблема болды. Бірақ, оған қарамай жұмыс істедік. Қалғанының бәрі жақсы. Целитрасы мен өзге де минералды тыңайтқыштарын уақтылы бердік

Жалпы, Шулық шаруалардың басым көпшілігі биыл қант қызылшасының авантаж тұқымын егіп отыр. Мұның қанттылығы өте жоғары. Белбасар ауылы маңында егілген қант қызылшасы алқабында қазір жергілікті ауыл тұрғындары да жұмысқа тартылған.

Әлихан Балқыбеков, Шу ауданы әкімінің орынбасары

Негізінен біздің аудан толығымен авантаж тұқымын сеуіп отыр. Оған екі жылдан бері шаруалар да үйреніп қалды. Оның үстіне тұқымның 70 пайызын мемлекет субсидиялайды

Шулық шаруалар жиналған балтамырды Меркі қант зауытына тасымалдайды. Онда баға 18 теңдеген. Оның 8 теңгесін зауыт төлесе, қалған 10 теңгені мемлекет субсидиялайды. Бұл шаруалар үшін үлкен көмек болып отыр.

«Jambyl»

http://taraztv.kz/kz/news/society/kant-kyzylshasyn-zhinau-naukany-zhurip-zhatyr-1

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *