Архив за месяц: Сентябрь 2017

«Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінім;

         2) статистика органының құжатты қабылданғаны туралы белгісі бар, кәсіпорынның статистика органдарына тереңдете өңдеп өнім өндірілгені және тиеп-жөнелтілгені туралы есептерінің көшірмелері немесе тереңдете қайта өңдеп өнім өндірілгенін растайтын, кәсіпорын мөрімен куәландырылған құжаттардың (өнімнің қоймаға қабылданғаны туралы қоймалық жүкқұжаттар, аталған өнімнің кіріске алынғаны көрсетілетін бухгалтерлік теңгерім) көшірмелері;

         3) тереңдете қайта өңдеп өнім шығару үшін пайдаланылған ауыл шаруашылығы өнімінің сатып алынғанын растайтын құжаттар – қайта өңдеп өнім өндіру үшін пайдаланылған шикізаттың сатып алынғанын растайтын, кәсіпорын мөрімен куәландырылған құжаттар (шарт, шот-фактура, сатып алу актісі және сатып алынған шикізатқа ақы төленгенін растайтын құжаттар) көшірмелері;

         4) қайта өңдеуші кәсіпорынның банктік шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы;

         5) Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігі туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері, құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

«Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

          1) көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

         2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 8 маусымдаы № 229 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

         3) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген, қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған қарыз шартының қаржы институты куәландырған көшірмесі;

         4) қағаз түріндегі және редакцияланатын электрондық форматтағы сыйақы мөлшерлемелерінің субсидияланатын/ немесе субсидияланбайтын бөлігіндегі есептемелері қоса берілген жаңартылған өтеу кестесінің жобасы;

         5) кредит алғаны туралы қарыз алушының несиелік шотынан үзінді-көшірмелер (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе қарыздың аударылғанын растайтын құжат;

         6) қарыз алушының субсидиялау бағдарламасына қатысуы туралы қызмет көрсетуші банктің келісім хаты (қарыз алушы Өтініш берген кезде).

         Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі, құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап – 23 (жиырма үш) жұмыс күні.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (24.06.2015 жылы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 18.08.2016 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде № 158 (28886) жарияланған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінім;
  2. Жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін).

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Тиісті айда квота мен қаражат болған жағдайда, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға құжаттар тапсырған сәттен бастап – 17 (он жеті) жұмыс күні, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша – 16 (он алты) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығымен бекітілген «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сатып алынған гербицидтерге субсидиялар алуға арналған өтінім;

Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау үшін толық құны бойынша сатып алынған биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға субсидиялар алуға арналған өтінім;

         Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарын өндірушіден биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде тиесілі субсидияларды өсімдіктерді қорғау құралдарын өндірушінің пайдасына төлеу туралы өтінім.

  1. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері, құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.

Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 бұйрығымен бекітілген «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшаға немесе 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері, көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні.